Президенттер көңіл айтты

Ресей президенті Владимир Путин мен Қырғызстан президенті Сауранбай Жиенбеков Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты.

Алматы, NEGE. «Жақындары мен туыстарынан айырылған жандарға Ресей халқы көңіл айтады. Зардап шеккендердің тезірек жазылып кетуіне тілекшіміз» деді Ресей президенті өзінің жеделхатында.

Қырғызстан президенті С.Жиенбеков былай деп жазды: «Қырғыз Республикасының атынан және жеке өз атымнан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын, қайғыға ортақпыз. Жарақат алғандардың тез жазылуына тілектеспіз».

Бұған дейін Қытай басшысы Си Цзинпин де көңіл айту жеделхатын жолдаған.  

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін