Президентке жаңа өкілеттіктер беріледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентіне жаңа өкілеттіліктер беретін заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада. 

Бұған дейін Сенат заң жобасының мақсаты әкімшілік-аумақтық құрылым саласындағы заңнаманы жетілдіру екенін хабарлаған.

Заң жобасы бойынша ұсынылады:

- қаладағы аудандарды елді мекендердің құрамдас бөліктеріне жатқызу;

- халық саны 400 мыңнан аса адам болған кезде облыстық маңызы бар қалада, республикалық маңызы бар қалада, астанада аудан құру;

- аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдың өлшемшарттарын нақтылау;

- Президентке Үкіметтің ұсынуы бойынша жергілікті өкілдің және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайта құру жөнінде шешім қабылдау жөнінде өкілеттік беру;

- Үкіметке республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайта құру туралы ұсыныс енгізу жөнінде жаңа құзырет беру.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды