Президент: Жасанды интеллект технологиясы адамзатқа қауіп-қатер төндіруі мүмкін

Жасанды интеллект технологиясы адамзатқа қауіп-қатер төндіруі мүмкін, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge форумындағы баяндамасында.

Алматы, NEGE. «Тағы бір маңызды мәселеге назар аударған жөн. Бүгінде адамның ақыл-ойынан машина, яғни технология үстем болатын заман орнығуда. Басқаша айтқанда, жасанды интеллект технологиясы адамзатқа қауіп-қатер төндіруі мүмкін. Мұның арты неге әкеп соқтыратыны белгісіз. Ғалымдар арасында бұған қатысты ортақ пайым жоқ. Яғни, жасанды интеллект адамзатқа игілік әкеле ме әлде құрдымға кетіре ме деген сұрақ әлі де өзекті болып тұр.

Сондықтан осы мәселеге саналы түрде қарап, жасанды интеллектінің дамуын жіті назарда ұстау – аса маңызды міндет. Мысалы, кезінде атом энергетикасымен қатар атом қаруы пайда болды. Сол кезде жаһандық қауіпсіздікті сақтау үшін жаңа қағидаттар қалыптасты. Бұл – технологиялық даму заманында ұжымдық қауіпсіздік мәселесі бақылауда болуы керек деген сөз», - деді Мемлекет ьасшысы. 

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

Алматыда жылу-электр орталығын шоты бұғатталған компания салмақ

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ