Президент жаңа оқулық шығаруды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа «Абай­та­ну» оқулығы мен хрестоматиясын әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Президент «Егемен Қазастан» газетінде жарияланған мақаласында айтты.

Алматы, NEGE. «Қазір елімізде абайтанумен айна­лы­сатын бірнеше ғылыми-зерттеу орталығы бар. Осылардың жұмы­сын жүйелеп, елордамыздағы Абай акаде­миясының төңірегіне топтастырған жөн. Академия барлық зерттеу меке­мелерінің жұмысын ғылыми тұрғыдан үйлестіруші міндетін атқара алады.

Алдағы уақытта гуманитарлық пән­дер­дің бөлінбес бөлшегі ретінде «Абай­тану» курсын оқыту мәселесін қолға алу керек. Жаңа философиялық және саяси ұстаным тұрғысынан «Абай­та­ну» оқулығы мен хрестоматиясын әзір­леу қажет. Сондай-ақ Абайдың «толық адам» ілімі жан-жақты әрі терең зерттелуге тиіс.

Біз Абайды ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге танытуымыз керек. Сонымен қатар оны ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор ретінде дәріптеуге міндеттіміз.

Түптеп келгенде, әрбір қазақ Абай­мен мақтануға тиіс! Халқымыздың ұлы перзентінің торқалы тойы құтты болсын!», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының орындалуымен құттықтады

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді