Президент: Ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды

Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы ашылуында сөз  сөйледі.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Парламентке түрлі әлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылғанын атап өтті. 

«Енді партиялар еліміздің болашағына зор ықпал ететін саяси үдерістің басы-қасында жүретін болады. Мәжіліске бір мандатты округтен де депутаттар сайланды. Яғни, Парламентке түрлі әлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылды.

Сондай-ақ, ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды. Бірқатар азамат партия атынан шыққан үміткерлерді тартысты бәсекеде жеңіп шықты. 

Осылайша, елімізде демократия дәстүрі жаңа деңгейге көтеріліп, нығая түсті. Саяси күштердің бәріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты», – деді президент өз сөзінде. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді