Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

Қоғам қайраткері, «BTS Digital» білім беру жобасының жетекшісі Саясат Нұрбекпен кездесу барысында кәсіптік-техникалық білім беру ісін және еңбек нарығын дамыту мәселелері талқыланды.

Алматы, NEGE. Саясат Нұрбек Президентке «Жаңа мамандықтар атласы» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы жайында айтты. Оның пікірінше, аталған жоба жастардың мамандық таңдауына және алдағы уақытта елімізде сұранысқа ие болатын кәсіптерді меңгеруіне көмектеседі. Мемлекет басшысы білім беру саласында жаңа ғылыми әдістерді және технологиялық шешімдерді қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, білім жүйесін жаңғыртуға байланысты мәселелер Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібіне енгізіледі. Экономикалық саясат институтының президенті Қайырбек Арыстанбековпен кездесуде ұлттық экономиканы дамыту, мемлекеттің әлеуметтік саясатының тиімділігін жақсарту мәселелері қарастырылды. Қазақстан Президентіне Институттың жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелері баяндалды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті