Президент үкіметке бір ай уақыт берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қазақстанда коронавирусқа қарсы күрес бойынша жедел жоспар құруға және вакцина алған адамдар санын көбейтуге бір ай уақыт берді, – деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. «Бүгін көтерілген барлық мәселе үкіметтің ерекше бақылауында болуы тиіс. Жедел іс-қимылдың нақты жоспары қажет. Қабылданған шаралар туралы бір ай мерзімде баяндама жасауды сұраймын», – деді Тоқаев.

Тоқаев премьер-министр, ведомство басшылары, қала мен облыс әкімдері қатысқан жұмыс кеңесінде коронавируспен күрес, антиваксерлер проблемасы, өңірлік ауруханалардың төмен деңгейде жарақтануы, карантин режимін бұзатын адамдардың жазасыз қалуы, сондай-ақ, вакцинация паспорттарын қолдан жасау және ПТР-талдаулар мәселесін көтерді.

Қазір оқып жатыр

«Балапан» арнасы «продюсер зорлады» деген жігітке қатысты мәлімдеме жасады

Талғарда екі кішкентай қыздың әкесі жас жігіттің қолынан қаза тапты

Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел алдына шықты

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды