Президент: Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин тағы екі аптаға созылатынын мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Twitter парақшасында: «Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді» деп жазды.