Президент тұрмыстық зорлық-зомбылық пен азаптауға қарсы күресті күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Алматы, NEGE. Жоспарда гендерлік теңдікті күшейтуге, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске, қылмыстық сот төрелігі саласында азаматтарды қорғауға, азаптау мен қатыгездіктің алдын алуға бағытталған бірқатар шара қамтылған. Бірлесу бостандығы құқығы мен еңбек құқығын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жолдары қарастырылған, - деп жазды Тоқаев.

Құжат адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтады. Жоспарды жүзеге асыру шеңберінде тиісті заңдар қабылданады.

Үкімет жартыжылдықта 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне Іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға тиіс.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті