23 сентября 2023 г. 18:55

Президент ТРК мен MNU Халықаралық журналистика мектебін ашты

Фото:

Халықаралық журналистика мектебінің ашылу рәсімі өтті. 

Алматы, NEGE. Бүгін Мақсұт Нәрікбаев университетінде Халықаралық журналистика мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Іс-шараға Президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли, Президент Телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева, сондай-ақ бірқатар шет мемлекеттің елшісі қатысты.

Бірегей білім беру жобасы еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары үшін шығармашылық және техникалық мамандар дайындау мақсатында Президент Телерадиокешенімен бірге жүзеге асырылып отыр. Халықаралық мектепке бірінші оқу жылында 201 студент қабылданған. Олардың 20-сы Президент Телерадиокешені мен «Dara» президенттік бастамалар қорының грантын алды.

Оқу ағылшын тілінде өтеді, жекелеген пәндерде қазақ және орыс тілдері қолданылады.

Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли мұндай жоба халықаралық деңгейдегі нағыз кәсіби мамандарды тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

«Қазіргі мына ашылып отырған Халықаралық журналистика мектебі – студенттерге осы салада үлкен мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін. Өйткені 70 пайызы ағылшын, 30 пайызы қазақ-орыс тілдерінде оқытылады екен. Жалпы бұл халықаралық деңгейде білім алып, көкжиек кеңейтетін мықты жоба. Осындай ауқымдағы, журналистика факультет Қазақстанда тұңғыш рет ашылып жатыр. Осы жерден шыққан мамандар кейінгі буынға үлкен бір мектеп қалыптастыратынына сенімдімін», - деді Берік Уәли.

Тегтер: