Президент Тоқаев не үшін алаңдады?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ақордада шұғыл жиын өткізді. Жиынға Президент әкімшілігінің басшысы, Премьер-министрдің орынбасарлары, ҰҚК төрағасы, Сыртқы істер министрі, Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Қарулы күштер бас штаб бастығы және тағы да басқа уәкілетті тұлғалар қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 

Алматы, NEGE. Парсы шығанағындағы сәт сайын ушығып бара жатқан жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірген мемлекет басшысы мәселенің шешімін табу үшін барынша ұстамдылық қажет екенін айтты. Ол үшін тараптар дипломатияның қағидаларына сүйенгені жөн. Осындай шиеленісті кезде БҰҰ белсенді болуы керек.

Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды президентке баяндады. Жиын қорытындысында президент Тоқаев таяу Шығыстағы қазақстандық нысандардың, ондағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау үшін қолдан келгеннін бәрін жасау керек екенін ескертті. Сондай-ақ, мемлекетіміздің ұлттық мүддесі үшін қажетті талдаулар жасауды күшейтуді тапсырды.

Дипломатияның қыр-сырын жақсы білетін Қ.Тоқаевтың алаңдауы бекер емес. Таяу Шығыстағы жағдай сәт сайын құбылып тұр. Оның үстіне еліміздің Иранмен Каспий теңізі арқылы шектесетінін де ұмытпауымыз керек.   

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті