Президент Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.

Алматы, NEGE. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барша отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Келесі жылы ел тарихының мерейлі 30 жылдығын атап өтеміз. Біз - бірлігі бекем, іргесі мығым елміз. Қасиетті Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек ету - қастерлі парызымыз», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

Бүгін қазақстандықтар Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтуде.

Қазір оқып жатыр

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті