Президент тапсырмасын орындамаған басшы қызметтен кетті

Берік Қамалиев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды.

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмалары уақытында орындалмағаны үшін ҚР Үкіметінің Қаулысымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды», - делінген Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің мәліметінде.