Президент тапсырмасы: Зорлық-зомбылықпен күрес қалай жүргізілуде

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында «Айтылды. Орындалды» айдарымен әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау шаралары қалай іске асып жатқаны туралы ақпарат жариялады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 25 қаңтарында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында әйелдер мен балалардық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер штатын қалпына келтіруді тапсырған болатын.

Берік Уәли ұсынған мәлімет сүйенсек, сол тапсырма аясында жергілікті полиция қызметі бөлімшелердің санын ішкі қайта бөлу есебінен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша бөлінен штат саны 119-дан 248-ге, кәмелетке толмағандарды қорғау бойынша 702-ден 1150-ге арттырылған.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды