Президент сөздерінің он екі томдығы жарық көріп, спектакль да қойылды

Түркіменстанда Ғұрбанғұлы Бердімұхамедовтің сөйлеген сөздерін қамтыған 12 кітап басып шығарылып, бірнеше кітабы бойынша балаларға арнап спектакль қойылған. Бұл туралы Түркіменстанның Мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлаған.

Алматы, NEGE. Жаңа жинаққа түркімен президентінің 2018 жылы айтқан сөздері кіріп отыр. Кітапты Үкіметтің бас мұрағаты басқармасы жанындағы Президенттің мұрағат қоры баспаға әзірлеген. Спектакль «Мәңгілік аңыздар» атты үш аңыздан тұрады. Олар Бердімұхамедовтың «Анаға тағзым», «Түркіменстан – Ұлы жібек жолының жүрегі» және «Түркімен алабайы» атты кітаптарынан алынған.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты