Президент Сауд Арабиясының ірі компанияларымен кездеседі

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Корольдіктің 20 ірі компаниясының өкілдерімен кездеседі.

Алматы, NEGE. Арасында Саудияның ұлттық мұнай компаниясы Saudi Aramco-ның еншілес ұйымы Saudi Basic Industries Corporation (SABIC) бар. Мұнай-химия саласына маманданған ол әлемнің 50 елінде жұмыс істейді. Екінші мекеме - MA'ADEN тау-кен компаниясы. Ол ауқымы жағынан әлемде 10-орында.

Сондай-ақ жылжымайтын мүлік нарығында үлкен активке ие Ajlan and Bros Holding Group Abilitii холдингі мен Корольдіктің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, нарықтағы капитализациясы 11 жарым миллиард долларды құрайтын SALIC компаниясы да бар. Соңғы 2 кәсіпорын Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестиция құюға ниетті. Аталған 4 компания да Корольдіктің экономикасын әртараптандыруға бағытталған. Мемлекет үшін стратегиялық маңызы ерекше жобаға кіреді. 

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды