Президент Сауат Мыңбаевқа бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады.

Алматы, NEGE. Сауат Мыңбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Қазақстан темір жолы" ҰК" акционерлік қоғамының биыл атқарған жұмысы жайында есеп берді. Басқарма төрағасының айтуынша, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жүк айналымы өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 3,5 пайыз артқан. Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі біршама өскен. Соған сәйкес мемлекетаралық бекеттегі өткізу қабілетін арттыру шаралары қабылданады. "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшысы пандемияның жолаушылар тасымалына әсер еткенін атап өтті. Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда жолаушылар тасымалының көлемі екі есеге азайған. Соған қарамастан компания жолаушыларға қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізіп, жолаушылар вагондарының паркін жаңартып жатыр. Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сатыла ма?

Қазгидромет 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды