Президент: Сайлау науқаншылдыққа айналып кетпеуі керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау бойынша науқаншылдыққа жол бермеу керектігін ескертті.

Алматы, NEGE. «Ауыл әкімдерін сайлау ары қарай дамуы керек. Алайда оны жүзеге асырамыз деп асығыстық, науқаншылдық танытпау керек. Қазақстанның саяси транформациясы – бір сәттік, популистік акция емес. Бұл реформа – мағынасы жағынан стратегиялық сипатқа ие. Себебі ол ол Қазақстанның демократиялық және өркениетті мемлекет ретінде ары қарай дамуына бағытталған шаруа. Қазақстанның модернизациясы – жастардың мүддесін қорғауды мақсат тұтады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында. Айта кетсек бұған дейін Президент ауыл әкімдерін сайлау - тиімді әрі бекем мемлекеттік институттарды құрудағы маңызды қадам екенін жеткізген еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған