3 ноября 2022 г. 10:29

Президент «Рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойды

Фото:

Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмасын орындау мақсатында депутаттардың бастамасымен «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы әзірленген болатын. Жобаны Мәжілісте Нәзила Раззақ бастаған жұмыс тобы қарады.

Алматы, NEGE. Негізгі мақсат – қаңтар оқиғасы кезінде қылмыстық құқық бұзушылықтарға, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан азаматтарға олардың әрекеттері мемлекетке қауіп төндірмейтіндей болса, рақымшылық жасау, қылмыстық жауапкершіліктен босату немесе соттар тағайындайтын жаза мерзімін қысқарту. Тәртіпсіздіктерге байланысты нақты уақыт кезеңі 4-7 қаңтар аралығы болып белгіленген. Ауыр қылмыстар үшін сот тағайындаған мерзімнің төрттен үш бөлігі, ал аса ауыр қылмыстар үшін мерзімнің жартысы қысқарады.

Алдын ала болжам бойынша рақымшылыққа 1,5 мыңға жуық адам ілігеді. Оның ішінде Қылмыстық кодекстің бірқатар бабы бойынша қажетті қорғаныс шегінен тыс кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бұзақылық және т.б. бойынша жауапқа тартылған адамдар жатады.

Террористер, экстремистер, рецидивистер, тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар және азаптаулар жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.

Тегтер: