Президент «Алтын орда» базары жанындағы жол айрығы құрылысын сынға алды
Мемлекет басшысының Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте «Алтын Орда» базарының алдынан өтетін жолдың бітпей тұрғанын сынға алды.
Алматы, NEGE. Әкімдік жолайрықтар, айналма жолдар салынды деп баяндайды. Бірақ, одан әзірге қайыр болмай тұр. Көшелер ғана емес, үйлердің ауласы да көлікке лық толы. Бір сөзбен айтқанда, «Баяғы жартас – бір жартас». Мысалы, «Алтын Орда» базарының алдынан өтетін жол ұзын-сонар көлік кептелісінен көз ашпайды. Бұл – әсіресе, қала іргесіндегі елді-мекен тұрғындары үшін ең өзекті мәселенің бірі. Мұны жұртшылық қала әкіміне талай рет айтқан. «Алматы – Бішкек» тас жолының осы жерден өтетін бөлігі былтыр салынып бітуге тиіс болатын. Қажетті қаражат толық бөлінген. Бірақ, әлі нәтиже жоқ. Асқар Ұзақбайұлы, Алматы және Алматы облысы әкімдігімен бірлесіп, «Райымбек – Алматы» жер учаскесінің құрылысын жыл соңына дейін аяқтауға тапсырма беремін, – деді. Президент.