Президент прокурорлар құзыретін кеңейтуді тапсырды

Айыптау актілерін даярлау бойынша прокурорлар құзыретін кезең-кезеңмен кеңейту керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялау кезінде мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Айыптау актілерін даярлау бойынша прокурорлар құзыретін кезең-кезеңмен кеңейту керек. Бұл өз кезегінде олардың жауапкершілігі арттырып, тергеу нәтежесін құқықтық бағалау тетігін күшейтеді», - деді Мемлекет басшысы.

Президент ішкі істер органдары бірқатар бейінді емес қызметтерден босатылғанын еске салды.

«Учаскелік инспекторлар мәртебесі артты, оларға құқықбұзушылықтың алдын алу саласында қосымша өкілеттік берілді. Бірқатар өңірде полицияның сервистік моделі іске қосылды. Келесі кезең – оны тарату деңгейін ауқымды ету», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді