Президент: Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті
Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр, - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Алматы, NEGE. "Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті.
Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады" – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында.
Президенттің сөйлеген сөзінің толық мәтіні akorda.kz сайтында жарияланады