Президент отставкаға кетті

Елдегі көтерілістен соң Мали президенті Ибрагим Бубакар Кейт отставкаға кетті, – деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.

Алматы, NEGE. «Осы уақыттан бастап, өз өкілеттігімді тоқтатамын деп шешім қабылдадым. Мен билігімнің сақталғаны үшін қан төгілгенін қаламаймын», – деді президент тікелей эфирде. 

Сонымен қатар, ол елдің парламенті мен үкіметі таратылатынын мәлімдеді.