4 сентября 2022 г. 10:34
Президент өртті сөндіру жедел штабына барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жедел штабқа барып, өртті сөндіру үшін қабылданып жатқан шаралармен танысуды жоспарлап отыр.
Алматы, NEGE. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Фейсбук әлеуметтік желісінде жазды. "Жалпы, облыстағы жағдай толық бақылауда. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин басқаратын жедел штаб табиғи апаттарды жоюға қатысатын барлық органдардың іс-қимылдарын үйлестіреді", - деп атап өтті ол.