Президент оқушыларға автобус тарту етті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматыдағы Оқушылар сарайына мектеп автобусы берілді.

Алматы, NEGE. Ол балаларды конкурстарға, жарыстарға және фестивальдерге апаруға арналған. Автобус ауа температурасын реттеу мен жылыту жүйесі, 4 бейнебақылау камерасы және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пандус құрылғысымен жабдықталған. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Алматы әкімдігіне 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін Оқушылар сарайының обсерваториясын жаңғыртып, заманауи телескоп орнатуды тапсырды.