Президент неге маска тақпады?

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мәскеудегі Жеңіс парадында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың неге маска тақпағанын түсіндірді.

Алматы, NEGE. Бүгін Қасым-Жомарт Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадқа қатысты. Ол парадқа шақырылған мемлекет басшылары мен ардагерлердің арасында отырды. Кейбір қазақстандықтар адамдар көп жиналған жерде Президенттің неге масқа тақпағанына таңқалды.

Берік Уәлидің айтуынша, парадта мемлекет басшылары мен ардагерлер үшін жеке мінбер орнатылған. Сондай-ақ, мұнда дезинфекция жұмыстары мұқият жүргізіліпті.

«Бұл жерге тек коронавирус инфекциясы теріс нәтиже көрсеткен адамдар ғана оның ішінде шетелдік делегация өкілдері кіргізілді. Барлығы коронавирусқа тексерілді. Сондықтан мұнда мәселе туындамауы қажет. Сіздер Қырғызстан президенті бастаған делегацияда коронавирус анықталғанын білесіздер. Ал Сооронбай Жээнбеков байланыс жасаған адам ретінде парадқа қатысудан бас тартты», – деді Президенттің баспасөз хатшысы.

Қазір оқып жатыр

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

МӘМС қаржысын жымқыру бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған