Президент нашар оқулықтарды әзірлеушілерді жауапқа тартуды ұсынды

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев нашар оқулықтарды әзірлеушілерді жауапқа тартуды ұсынды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі

.
Алматы, NEGE. «Жауыр болған мәселе – оқулықтардың сапасы. Бұл мәселе ылғи көтеріліп келеді, оқулықтардың сапасына білім сапасы да тәуелді. Бұл аксиома. Сондықтан ғылыми-тәжірибелік сараптама мен оқулықтарды апробациялауға талапты түбегейлі күшейту керек. Бұл білім министрлігінің басымдықты міндеті. Біздегі оқулықтардың сапасы өте төмен. Сонымен қатар заңнамалық деңгейде оқулықтардың сапасы үшін әзірлеушілерге жауапкершілікті бекітуді тапсырамын. Нашар оқулық дайындадың ба, ол «өмірге жолдама ала алмады ма» - аталмыш оқулықты әзірлеуші жауапқа тартылуы керек. Басқаша болмайды», - деді Тоқаев сәрсенбіде ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.
Ол карантиннің енгізілуі мен оқшаулау тәртібінің бізде әлі қашықтықтан оқытудың жұмыс жасауға қабілетті жүйесінің толық жоқ екенін көрсеткенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды