Президент: Мемлекет банкирлерге көмектесуге міндетті емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында мемлекет банкирлерге көмектесуге міндетті емес екенін айтты.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Тәуекелі көп активтер деңгейін төмендету жұмысының маңызы зор. Біз шешім қабылдадық: мемлекет банкирлерге көмектесуге міндетті емес. Бұдан бөлек, шектеу қойылған активтерді экономикалық айналымға қайтару қажет. Бірақ тек нарықтық негізде ғана. Ол үшін заңдық негіз керек. Үкімет пен Қаржылық қадағалау агенттігі жыл аяғына Парламентке заң жобасын ұсынуы керек», – деді Президент.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев мемлекет банктерге тегін қолдау жасамайтынын да айтты. «Банк жүйесі – қаржы нарығының ең негізгі бөлігі. Мемлекет, бизнес өкілдері және салымшылар банктердің тұрақты жұмыс істеуіне мүдделі. Сондықтан да банктерге қолдау тегін болмайды. Бұл – ұлттық экономиканы жандандырудың бір тәсілі», – деді Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті