Президент Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулинді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мәжіліс депутаттарының бесінші сессиядағы жұмыс нәтижелері мен аймақтарға сапарлары, сондай-ақ, алдағы парламенттік сессия жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді.

Алматы, NEGE. Мәжіліс төрағасының айтуынша, депутаттар дәріханаларға, ауруханаларға арнайы барып, дәрі-дәрмектердің қорын тексеріп, оның бағасын бақылады. Сондай-ақ депутаттар еріктілер орталықтарының жұмысына да белсенді атсалысуда. Қазіргі уақытта Палатаның заңнамалық қоржынында 75 заң жобасы бар, оның 22-не депутаттар бастамашы болған. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, олардың қатарында 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы, пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық өсімді одан әрі қалпына келтіруге, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға және т.б. салаларға бағытталған заң жобалары бар. Мемлекет басшысы депутаттық корпус өз жұмысында Президент Жолдауы мен басқа да бастамаларды іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, оның ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға басымдық беруі керек екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Дауыс бер, өз ағашыңды отырғыз

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

«Таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев Тоқаев жайлы пікір білдірді