Президент Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатыса ма?
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатысуды жоспарлап отыр.
Алматы, NEGE. «Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуды жоспарлап отыр», - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.