Президент көз жұмды

Біріккен араб әмірліктерінің президенті Халифа ибн Заид әл Нахайян көз жұмды.

Алматы, NEGE. Әлемдегі аса бай адамдардың бірі – Абу-Даби әмірі әрі БАӘ президенті Халифа ибн әл Нахайян 73 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Оның жеке байлығы – 15 млрд доллар, отбасының байлығы 150 млрд, ал оның Abu Dhabi Investment Authority инвестициялық қорының капиталы кейбір деректер бойынша $875 млрд долларға жеткен.