Президент коронавирусқа қатысты ахуалды жақсартуға Үкіметке екі апта берді

Коронавирусқа қатысты ахуал жақсармаса Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Алматы, NEGE.  «Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, жалпы Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, видеобайланыс арқылы өтіп жатқан жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылды.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліс қаңғыған жануарларды эвтаназиялау туралы заңды мақұлдады

Перизат Қайраттың түрмеде немен айналысатыны белгілі болды

Үш миллиардты бөлейік. ЦентрКредит басшылығының мотивациясы НЕГЕ керемет болды?

Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратындағы өрттің алдын ала себебі айтылды