Президент қорғаныс министрін отставкаға жіберді
Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.
Алматы. NEGE. "Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын. Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымынан босатылды", - делінген жарлықта.
Мемлекет басшысының жарлығы бойынша, Мұрат Кәрібайұлы Бектанов қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.