Президент Қылмыстық кодекстің кейбір баптарын ізгілендіру жөнінде тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жала жабу көрінісі бойынша айыптау бабын қылмыстық кодекстен алып тастау жөнінде тапсырма берді.

Алматы, NEGE. «Қылмыстық кодекстен 130 бабты («Жала жабу») алып, оны Әкімшілік кодекс санатына жатқызу жөнінде шешім қабылдадым», деді президент Ұлттық кеңестің екінші отырысында. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік және діни алауыздық тудыру ісі бойынша да өз ойын айтты.

«Біз бұдан өзге, Қылмыстық кодекстің 174 бабын ізгілендіру мақсатында да сындарлы келісімге келу мәселесін қарастырдық. Мәселен, аталмыш баптағы «қоздыру» деген сипаттамадан бас тартып, заңдық тұрғыда дәлірек нақтылайтын «тұтату» деген сөзбен алмастыру жайында келісімге келдік»,  деді Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы