27 ноября 2023 г. 18:50

Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянды қабылдады

Фото:

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай коммунистік партиясы ОК Саяси кеңесі тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянды қабылдады.

Алматы, NEGE. Кездесу барысында қазақ-қытай стратегиялық серіктестігінің жай-күйі және оны дамыту перспективасы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтарын екі ел үкіметтерінің іске асыру барысы талқыланды.

– Қытаймен екіжақты қатынасты мүлде жаңа деңгейге көтеру Қазақстанның маңызды стратегиялық басымдығы саналады. Шын мәнінде, қазақ-қытай байланыстары өзара тиімді мемлекетаралық ықпалдастықтың үлгісін көрсетеді деп ойлаймын. Біз Қытайды өте маңызды стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз және барлық саладағы ынтымақтастықта нақты нәтижеге қол жеткізетінімізге үлкен үміт артамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: