Президент кедендегі қылмыстық топтарды анықтаудың нәтиже бермегенін айтты

Салық және кеден саласындағы жемқорлықты жою қажет. Мұнда жемқорлық жасауға мүмкіндік беретін күрделі әрі күмәнді ресімдер бар екені жасырын емес. Тіпті, мемлекеттік мекеменің бір мәселе бойынша өз қалауымен түрлі шешім қабылдауына жол берілген. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде айтты.

Астана. NEGE. «Еркін экономикалық аймақта сатылатын өнімге қосымша құн салығы салынбайды. Бірақ, жемқорлар тауарды қағаз жүзінде ғана көрсетіп, жеңілдікті салықтан жалтару үшін пайдаланып жүр. Түйткілді шешу – Қаржы министрлігінің тікелей міндеті. Кеден саласындағы мәселелерге бөлек тоқталайын. Мен бұған дейін кеденнен түсетін табысты арттыру туралы бірнеше рет тапсырма бердім. Ондағы көлеңкелі айналымның ауқымы орасан зор. Қаржы министрлігі бұл бағытта нақты жұмыс атқаруда. Электронды декларация және тәуекелдерді басқару жүйесін енгізіп, түрлі ақпараттық базаларды біріктіріп жатыр. Құқық қорғау органдары кеденнің төңірегіндегі қылмыстық топтарды анықтап, тергеу жүргізуде. Дегенмен, бұл жұмыс нәтиже бермей отыр», - деді Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ