Президент кедендегі былықты тыюды тапсырды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Мәжілісте жасаған мәлімдемесінде кеденге ерекше тоқталды. Әсіресе, Қытаймен шекарадағы кеден бекеттеріндегі былық-шылықты тыюды тапсырды.

Алматы, NEGE. «Бюджетке кірісті көбейтудің бір жолы – кеденде тәртіп орнату. Әсіресе, Қытаймен шекарада. Ол жерде нағыз былық-шылық болып жатқаны бәріне белгілі. Көліктер тексерілмейді, салық пен баж салығы төленбейді. Қытайдың кеден органының статистикасында айырмашылық миллиардтаған доллар. Онда тиісуге болмайды деген статистикасы бар әлдебір құзыретті операторлар пайда болған. Еліміз салықтан түсетін ондаған миллиард теңгені жоғалтып жатыр. Бұлай болмайды», – деген Мемлекет басшысы құзырлы органдарға кедендегі былықты тыюға тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен