Президент: Қазақстанда Ұлытау облысы құрылады

Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құрылады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты. 

"Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім", - деді Президент.