Президент: Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты

Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басынан қызметін бастаған Конституциялық Соттың жаңа әкімшілік ғимаратына барып, тағайындалған судьялармен кездесті.

Алматы, NEGE. «Бүгінде Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Бұрын-соңды болмаған бірегей саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда дүние жүзінде дәл осындай ауқымды, мазмұнды реформалар жасап жатқан ел бірен-саран. Бұл – ақиқат. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Қазақстан реформатор мемлекетке айналды», – деді Мемлекет басшысы.