Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, қаруды өндіру мен сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қарастырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда, NEGE. Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың баяндамаларын тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды