Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Алматы, NEGE. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрлігінің алдында тұрған мақсат-міндеттерінің маңыздылығы туралы айтып, халықты электр қуатымен, газбен және жылумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар мұнай-газ және энергетика салаларындағы әлемдік және отандық ірі компаниялармен өзара ықпалдастық орнату мәселесі қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.