Президент кадр резервіндегі жастармен кездесті
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің кадр резервіне енген 300 жаспен кездесу өткізіп жатыр.
Алматы, NEGE. Айта кетейік, өткен жылы ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік кадр резерві құрылатынын мәлімдеді. Ал сол жылдың тамыз айының соңында Қ.Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия құрылды.
Тақырыпқа орай: Тоқаев қандай шенеуніктерден құтылу керек екенін айтты
Қыркүйек айында Президенттің жастар кадр резервіне өтінім қабылдау басталды. Бүгінде Президенттің жастар кадр резервіне енген 300 қазақстандық анықталған. Жеңімпаздардың орташа жасы – 31. Жоба жеңімпаздарының толық тізімін Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтынан көруге болады.