Президент көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында Bek Air ұшағының апат болуына байанысты қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Алматы, NEGE. «Бүгін Алматы маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында. 

Еске сала кетейік, бүгін, 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға соғылған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы