11 марта 2022 г. 18:20

Президент Халықаралық Түркі академиясының бастамаларына жоғары баға берді

Фото:

Мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Астана, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық Түркі академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық, Мұхтар Әуезовтің 130 жылдық мерейтойлары аясында халықаралық ұйымдармен бірлесіп, жоғары деңгейде өткізілетін іс-шаралар жайлы мәлімет берілді.

Сонымен қатар Президентке Халықаралық Түркі академиясы шығарған «Түркі әлемі атласы» мен бес мың жылдық антропологиялық тарихымызды баяндайтын кітаптар таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының бастамаларына жоғары баға беріп, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Тегтер: