Президент Головкинді жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады.
Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Геннадий Головкинді Камил Шереметамен өткен жекпе-жектегі жеңісімен құттықтады. «Геннадий Головкинді сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшымыз орта салмақта IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Гена өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген мықты ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміз өзіңмен мақтанады!» деді Президент твиттерде.