Президент Францияға ресми сапармен келді

Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді, деп хабарлады Ақорда.

Алматы, NEGE. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.