Президент Есеп комитетінің төрайымын қабылдады
Бүгін Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді. Аталған аудит аясында жалпы құны 290 миллиард теңге болатын 20 нысан қамтылды.
Сондай-ақ Ұлттық қордан әртүрлі бағытқа бөлінген 2,2 триллион теңге қаржының жұмсалуына талдау жасалған. Президент Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру мәселелеріне қатысты тапсырма берді.