Президент Ерлан Тұрғымбаевқа тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың есебін тыңдады.

Алматы. NEGE. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдай режимін қолдауға бағытталған шаралар жайында баяндалды.

Ішкі істер органдарының жеке құрамы ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жұмылдырылған.

Президент азаматтарымыздың құқығына құрметпен қарай отырып, қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуы маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы министрге ішкі істер органдарындағы ақпараттық жүйені цифрландыру және жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті