Президент Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Президент мерекемен құттықтады.

Алматы, NEGE. Президент Қ. Тоқаев ел тұрғындарын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, Twitter парақшасында құттықтау жариялады.

– Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы! – деп жазылған құттықтауда.

Айта кетейік, биыл мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 31 жыл толып отыр