Президент екібастұздық ананың өтінішін орындайтын болды

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары - Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының тапсырмасымен Екібастұз қаласында шығармашылық үйінің құрылысы басталатынын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Қала тұрғындары атынан әйел қалада балаларға арналған шығармашылық үйін салуды сұрады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өскелең ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалдық қабілетін дамытуға арналған бұл әлеуметтік нысанды салу туралы шешім қабылданды. Қаржы көздері табылды. Шығармашылық үйі демеушілер есебінен салынады", - деді Желдібай Facebook парақшасында.

Облыс әкімдігіне жобаның жүзеге асырылуын бақылауға алу тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда ер адам 125 млн теңге үшін әйелін суға батырып жіберген

Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Александр Машкевичтің қыздары «Еуразиялық банктің» ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды

Алматыда бір аптадан бері танымал әншінің ұлы іздестіріліп жатыр